ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР БАС ҚОСТЫ

     50548f4a-fd5e-4ed2-96ca-65ab4f298633.jpg

  Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Ардагерлер кеңесінің пленумы болып өтті.

   2a6af1d5-335c-49de-b99e-74aa1f9ee33b.jpg

  Аталмыш жиынға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, облыстық Ардагерлер кеңе-сінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, сонымен қатар аудан көлеміндегі ауылдық Ардагерлер ұйымдарының төрағалары, Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері қатысты.

   Аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөз кезегін аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаевқа берді. Ол Ардагерлер кеңесінің жыл ішінде атқарған жұмыстары жайында баяндады. 

  Сөз соңында ол: «Қазыналы қариялардың басты қағидасы- ел-жұрттың амандығы болған-дықтан олар қоғамдық бір-лікті нығайту, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел ішіндегі татулық пен тәртіпті сақтау бағытында бірқатар мазмұнды жұмыстар атқарды. Кеңес мүшелері алдағы уақытта да елдің игілігі жолында, қоғамдық тұрақтылық бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз» деп, алдағы уақытта атқаралатын іс-шараларға қысқаша тоқталып өтті.

   Сөз кезегін алған Бақбақты, Ақдала, Жиделі және Бірлік ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағалары ұрпақ тәрбиесі жайында өз ойларын ортаға салса, аудандық «Бірлік» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сайран Смағұлов жастардың білім алуына, спортпен айналысуына және дұрыс тамақтануларына барынша жағдай жасап, бүгінгі жас буын өкілдеріне болашақ тізгінін сеніммен табыстасақ деген пікірін білдірді. Ал облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов облыс көлемінде атқарылған іс-шараларды айтып, өңірлердегі қазыналы қарттардың ақыл-кеңесімен жүзеге асырылып жатқан игі бастамаларды әңгіме өзегіне айналдырды.

  Мұнан соң марапаттауға кезек берілді. Марапаттау барысында Бақбақты ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Сарбасовқа Алматы облысының «Құрметті ардагері» атағы табысталды. Сондай-ақ Миялы ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өкілбек Балқыбаев, Бақанас ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұханғали Қожабеков, Ақжар ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынбек Қанапияев, Желтораңғы ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мырзахметов және Құйған ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақпар Молдаров облыстық Ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды.

  Жиынды қорытындылаған аудан әкімі салт-дәстүр мен қайырымдылыққа қатысты шаралардың және адами құндылыққа негізделген дүниелердің бел ортасында қазыналы қарияларымыз бен ақжаулықты аналарымыздың үнемі жүретінін айта келе, олардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға, туған жер мен елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жасап жатқандығын айтып, оларға алғысын білдірді.

                          Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады
  • Qonaev Media — новый телеканал в Казахстане
  • ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР БАС ҚОСТЫ
  • ӨЗ МАМАНДЫҒЫН ТЕРЕҢ МЕҢГЕРГЕН МЕЙІРБИКЕ
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ