АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

2fe7bc94-5738-43f9-bfde-b1a56116e628.jpg

    10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап елімізде мереке ретінде аталып өтілуде.  Дәстүрге айналған мереке биыл да өз жалғасын тауып, республика көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлы ақынның ұлт болашағы үшін жазған шығармалары ұлықталды.

  a867a8b8-d996-4f45-b810-836fb02ca688.jpg

Яғни 08-09 тамыз күндері аралығында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай оның туып-өскен Семей өңірінде, киелі Қарауыл жерінде үлкен дүбірлі той өткені бәрімізге белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады.

   Хаттың мәтінінде Ұлы Абай төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана - сезімін жаңғыртқан ұлы ақын екенін сөзге тиек етті.

  Айтулы мерекеге орай аудандық Мәдениет үйінде де «Бақанас» театр өнерпаздары қазақтың ұлы ақынның өмір жолдары мен шығармаларын, халқына айтқан өсиетті сөздерін сахналық қойылым арқылы насихаттады.

   Аудан өнерпаздары  Абай Құнанбайұлының балалық шағынан бастап, егде тартқан жасқа дейінгі кезеңдерді нақышына келтіріп сахналады.

   Мерекелік кештен мол әсер алған көрермен қауым  өнерпаздардың сахналық қойылымынан Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы екенін сезінді. Ұлы ақынның өмірге деген көзқарасын танып, рухани мұрасының парқын түсінді. 

   Тәрбиелік мәні зор іс-шара соңында қойылымға қатысқан «Бақанас» театр өнерпаздары сахна төріне шығып,  аудандық Мәдениет үйінің директоры, «Бақанас» театрының жетекшісі, режиссеры Фархат Жылгелдиев қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдебиетінің негізін салған.

   Абай Құнанбайұлының шығармаларын халыққа ұлықтау мақсатында аудан көлемінде бірқатар іс –шаралардың ұйымдастырылғанын айтты.

  Осы сәтте көрермен қауым театр өнерпаздарына деген ыстық ықыластарын  білдіріп, қошеметтерін еселей түсті.

 Иә, қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы шынымен де ғұлама ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышына айналды.

   Оның  жүрегінен шыққан әрбір туынды  – халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы.

   Әсіресе жасөспірімдер  үшін Абайдың өсиеттері мен өлеңдері асыл қазына. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын бағдаршам.

                                                             Өз тілшімізден.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
  • Алматинская область наращивает темпы аграрного роста благодаря господдержке
  • «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман».