Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады. Ал 30 жыл дегеніміз – тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, бүкіл еліміз үшін маңызды кезең.
Конституция немесе Ата заң – осы заманғы мемлекеттіліктің аса маңызды белгісі, мемле-кеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты.
Тәуелсіз мемлекетіміздегі барлық адамдардың құқықтарының қорғайтын заң Конституция. Конституция – мемлекет дамуының, ондағы әрбір азаматтың алаңсыз өмір сүруінің кепілі.
Олай дейтініміз, Қазақстан Республикасы Ата Заңының бірінші бөлімі, бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп атап көрсетілген.
Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты, ғаламшар-ды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Біз Тәуелсіз мемлекет болып, Ата Заңымызды қабылдағалы еліміз толағай жетістікерге қол жеткізді.
Тәуелсіздік туы ел өміріне елеулі өзгерістер енгізді. Сан жүз жылдар бойы ата-бабамыз армандаған егемендікке қол жеткіздік. Ішкі - сыртқы саясатымызды ұлттық мүдде арнасында жүргізіп, демократиялық даму жолына түстік. Зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың берік іргетасын қалап, өркениет көшінің бел ортасынан орын алғанымызды бүкіл әлем жұртшылығы мойындауда. Өндірістегі іркілістер мен дағдарыстарға қарамастан ел тұрғындарының ертеңгі күн-ге деген сенімі нығая түсуде.
Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан, елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі.
Конституция біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Өйткені біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық. Ор-тақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағи-даттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орна-ласқан Елордамыз, әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Әрбір азамат өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қам-тылғанын айғақтайды.
Әрбір қазақстандық Конституцияны мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастер-леп сақтап, орындауы маңызды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталар болсақ, осынау қол жеткізген жетістіктерді баянды ете отырып, оны ары қарай жалғастыру, елінің ертеңін ойлайтын әрбір азаматтың және бүгінгі білім алып отырған жастарымыздың абыройлы борышы екендігі даусыз.
Алдағы уақытта Ата Заңның қабылданғанына 30 жыл толады. Осынау жылдар бедерінде ол өзінің маңыздылығын айқын аңғартты.
Өз тілшімізден.