ДАМИР ЧЕМПИОН АТАНДЫ

8a558435-fb8f-4662-b851-6a49bfaf11de.jpg

        Ұлы Жеңістің  80 жылдығына орай Алматы қаласында Грек-рим және еркін күрес түрлерінен  U-17 жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті.

Республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген кіл мықтылар арасында бақ сынаған жерлесіміз Дамир Сейткерім чемпион атанып, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үкілі үмітін ақтап, аудан абыройын асқақтатты.  

Екі күнге созылған Республикалық чемпионатты қорытындылай келгенде Дамир Мархабатұлы Грек – рим күресі бойынша өткен белдесу барысында 55 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Ал еркін күресі бойынша өткен тартыс белдесуде 60 келі салмақты дәрежесінде өзінің ептілігін көрсетіп, чемпион атанды.

Республикалық чемпионатта қос алтынды еншілеген жерлесі-міздің осындай биік белесті бағындыра білгені жаттықтырушысы Назтай Бақтығалиұлының еселі еңбегінің жемісі десек артық айтқанымыз болмас.

                                                                   Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице
  • PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екен
  • «Широкое использование цифрового тенге кардинально меняет ситуацию, обеспечивая транспарентность цел
  • Президент «нақты уақыт экономикасына» көшу өте маңызды екеніне назар аударды. Себебі дәстүрлі жүйеде