ҚАРАҒАШ ТҰҚЫМДАРЫ СЕБІЛДІ

daad206a-525f-4b00-ab4f-904e39b3743f.jpg

Мемлекет басшысы  Қасым – Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  қолға алын-ған «Таза Қазақстан» Респуб-ликалық экалогиялық акциясы аясында көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

1b9097ac-b89b-4a37-b5b1-023b6d70dbe5.jpg

Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қал-ыптастыру және нығайту. Осы мақсатта Бақанас ауылының кіреберіс тас жолының бойына аудан әкімдігінің ұйым-дастыруымен қарағаш ағашы-ның  тұқымдары себілді.

Аптаның сәрсенбісі күні ұйымдастырылған іс-шараға аудандық мекеме – ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері және Бақанас аграрлы – индустриялдық колледжінің студенттері атсалысты.

Іс – шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асқар Кәдірұлы аталмыш акцияның негізгі мақсаттарына баса тоқталып өтті. Ал Бақанас орман шаруашылығының басшысы Мұрат Нұрмұханбетов бұл шараға Бақанас орман шаруашылығының орманшылары 450 қап яғни 4 тонна қарағаш тұқымын жинап, оның 350 қап тұқымды облыс орталығы Қонаев қаласына жөнелтілгенін айта келе, Бақанас – Қонаев тас жолының жағалауына ұзындығы 1 шақырым жерге жиналған қарағаш тұқымының себілетінін және оларды қалай жер сіңдіретінін түсіндірді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, акцияға ат-салысқан мекеме қызмет-керлері белгіленген орындарға қарағаш тұқымын сеуіп шықты. Олардың артынша Бақанас орман шаруашылығының орманшылары себілген тұқымдыққа су құйып, өз жұмыстарына кірі-сіп кетті. Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қолға алынған аталмыш акцияның жемісті болуы атқарылған әрбір сапалы және шынайы болуына байланысты.

                                                         Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году