Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

1.JPG

    Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі таңда өңірдегі 15 мың гектар егіс алқабы суарылды.

Күннің ыстығына байланысты Жамбыл облысында суару кезеңі 25 күнге ерте басталды. Ал жауын-шашын болмағандықтан, суармалы суға деген сұраныс алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе артты.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы тиісті келісімшарттар жасалған шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етіп жатыр. Шаруа қожалықтарымен жасалған келісімдердің шарттары толық орындалып жатыр. Ал диқандар келіп жатқан судың көлеміне дән риза.

????«Шаруашылықпен айналысып жатырмын. Сумен мәселе жоқ. Егінімізді суарып жатырмыз. Пияз ектім, жақсы өсіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі тиімді, суды, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Енді гектарына 70-80 тонна өнім жинаймыз деп есептеп отырмыз»,

- деді егінші Ақылбек Бәйтіков.

????«13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол келіп жатыр. Тек келісімшартқа отырып, ақшасын төлеу қажет. Қазақта «судың да сұрауы бар» деген сөз бар. Біздің жер ылғалды жақсы ұстайды. Бір мәрте суарсақ, сол бізге жеткілікті. Оның өзінен жақсы өнім аламыз. Жоңышқаны да бір рет суарғаннан кейін, екі рет орып аламыз. Гектарына 150-170 орам шөп аламыз. Бұл өзіміз бағатын малға жетеді»,

- деді Қызылшарық ауылының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Әбдібек Шымырбаев.

????«Қазір барлық күш Жамбыл облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін Киров су қоймасынан су жіберу көлемін ұлғайту бойынша қырғыз әріптестерімізбен келіссөз жүргізілді»,

- деді Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қайрат Аманов.






Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
  • Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
  • Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
  • В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
  • Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли