МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫН МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТУДЕ

2.JPG

    Бүгінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көптеген проблема жиналып қалды. Біз олардың себептеріне терең талдау жүргізіп, оларды жедел шешуге кірістік.

????Мысалы, менің ойымша, мониторинг жүргізу процесін реттеуден (бұған дейін жазғанымдай) бөлек, Қор тарапынан медициналық ұйымдардың қаржылық тәртібін қамтамасыз ету үшін қолданылатын шаралардың «қаталдығын» біраз жұмсартатын уақыт келді.

Мұнда бақылау механизмінің икемдірек әрі теңгерімді болуына басымдық беру көзделіп отыр.

Бұл бағытта алдағы 1-2 айда бірқатар өзгерістер енгізіледі.

1️⃣ Бірінші. Қор «алдымен төлем — содан кейін мониторинг» қағидатына көшеді (бұдан былай барлық ықтимал кемшіліктер бойынша қайта тексерудің аяқталуын күтудің қажеті болмайды).

2️⃣Екінші. «Сызықтық шкаланы» ай сайын емес, тоқсан сайын қолдану мүмкіндігін енгіземіз, бұл бір айдағы жоспардан тыс орындалған жұмыстармен басқа айдағы жоспардың орындалмауын теңестіруге мүмкіндік береді (алайда, медициналық ұйымдардың да өз жұмысын нақты жоспарлап, тез әрекет етуі талап етіледі).

3️⃣Үшінші. «Қосарланған алу» мүмкіндігін жоямыз – яғни, қарапайым тілмен айтқанда: егер анықталған бұзушылықтар (кемшіліктер) бойынша сома алынған болса, онда сызықтық шкаласы бойынша қосымша алым жүргізуге қажеттілік туындамауы мүмкін.

Біз қаржылық тәртіптің маңызын жақсы түсінеміз, бірақ пациенттердің нақты қажеттіліктері мен дәрігерлердің мүмкіндіктері де соншалықты маңызды. Сол себепті біз тепе-теңдікті табуға тырысып жатырмыз.

✅Біздің мақсатымыз — әділ, ашық әрі түсінікті жүйе құру. Мұнда дәрігер жүйемен күреспей, өз жұмысын атқаруы тиіс.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
  • Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
  • Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
  • В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
  • Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли