Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды


АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Таиланд Корольдігінің Пхитсанулок қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

1.JPG



Жекелей сындағы жарыста Евгений Фёдоров пен Дмитрий Груздев бақ сынады. Евгений Федоров Азия чемпионы атанып, Дмитрий Груздев күміс жүлдені жеңіп алды. 


Жарысқа барлығы 20 шабандоз қатысты. Нәтижесінде екі отандасымыз да тұғырға көтерілді.


Ерлер, уақытқа жарыс (42,8 км)


Евгений Федоров - 49:12

Дмитрий Груздев - 50:25

Чун-Кай Фенг - 51.14


Осыған дейін Харбинде хоккейден Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік.


 https://kaz.inform.kz/news/taylandta-otp-zhatkan-aziya-chempionatinda-kazakstandik-velosportshilar-ek-medal-zhenp-aldi-7ede34/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Негізгі саяси дискуссия: жеті партияның көшбасшылары – 24KZ эфирінде Дереккөз: https://24.kz/kz/zha
  • Главная политическая дискуссия: лидеры семи партий – в эфире «24KZ» Источник: https://24.kz/ru/news
  • Спорт саласының үздіктеріне “Құрмет грамоталары” мен “Алғыс хаттар” табысталды
  • Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдап, Қазақстанның басты ұстанымын айтты
  • Токаев сделал заявление о внешней политике Казахстана