Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі

    Абай облысында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев ваучерлік қаржыландырудың маңыздылығын және оны енгізу тетіктерін таныстырды. Жаңа жүйенің басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, ата-аналарға балабақшаны еркін таңдау мүмкіндігін ұсыну және мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету.
    Кездесуге Семей қаласының 70-ке жуық балабақша меңгерушілері қатысты. Жалпы, Абай облысында 176 балабақша бар, оның ішінде 85-і жеке меншік. Семей қаласында 71 балабақша жұмыс істесе, олардың 56-сы жекеменшікке тиесілі. Жаңа қаржыландыру жүйесі осы балабақшалардың барлығын қамтиды.
    Шараға Астана қаласынан арнайы келген «Қаржы орталығы» АҚ мен «Indigo» ақпараттық жүйесінің өкілдері қатысып, ваучерлік қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы баяндама жасады. Олар жаңа жүйенің мектепке дейінгі білім беру сапасына қалай әсер ететінін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
    Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа жүйеге көшу бойынша жан-жақты ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасты. Бұл өзгеріс мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға және ата-аналар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Негізгі саяси дискуссия: жеті партияның көшбасшылары – 24KZ эфирінде Дереккөз: https://24.kz/kz/zha
  • Главная политическая дискуссия: лидеры семи партий – в эфире «24KZ» Источник: https://24.kz/ru/news
  • Спорт саласының үздіктеріне “Құрмет грамоталары” мен “Алғыс хаттар” табысталды
  • Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдап, Қазақстанның басты ұстанымын айтты
  • Токаев сделал заявление о внешней политике Казахстана