Алматы облысының әкімі су тасқыны мен көшкін қаупі бар аймақтарды тексерді

3.JPG

    Алматы облысының әкімі көктемгі су тасқыны мен көшкін қаупі жоғары аймақтарға жұмыс сапарымен барып, жағдайды көзбен көріп, бақылау жүргізді. Инспекция барысында ол бірқатар маңызды нысандарды аралап, жауапты тұлғалардың есептерін тыңдады.

Ең алдымен, Іле ауданындағы Жармұханбет өзені бойындағы су басу қаупі бар аумаққа барды. Мұнда Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының әкімдеріне су тасқынының алдын алу шараларын күшейтіп, инженерлік құрылыстардың дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.

Одан кейін Талғар, Есік және Түрген өзендері бассейндеріндегі мореналық көлдерге әуе шолу жасалды. Әсіресе, қауіпсіздік шараларын күшейту мен жаңа бөгеттер салу қажеттілігі бар аймақтарға ерекше назар аударылды.

«Халықтың қауіпсіздігі – басты міндет. Табиғи қауіп-қатерлерге жедел әрекет етіп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуымыз қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.

4.JPG

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны мен көшкіннің алдын алу және салдарын жою бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Қорғаныс құрылыстары күшейтіліп, мореналық көлдер бақылауға алынған. Барлық шұғыл қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді. Жыл басынан бері 23,5 км өзен арналары түзетіліп, бекітілді, 16 тонна қалдық шығарылды, 5 қорғаныс бөгеті (7,9 км) салынды. Тасқындарға жедел әрекет ету үшін 1326 маман, 471 техника, 126 мотопомпа және 29 қайық жұмылдырылды. Қажетті материалдық қорлар дайындалған. Су басу қаупі жоғары 20 учаскенің 7-еуі толық қауіпсіздендіріліп, қалған 13-інде алдын алу жұмыстары жүргізілуде


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Свыше 600 компаний под прицелом налоговой: в чём суть новой фискальной политики?
  • Оперативного штаба по борьбе с терроризмом.
  • Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының жекелеген топтарының оқу-жаттығуы өткізіледі.
  • Амал мерекесі. Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні
  • Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды