Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет» деп атап өткен болатын.

Күн санап дамып келе жатқан кезеңде көрші мемлекетпен тығыз қарым – қатынас жасап тұру үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту өте маңызды.

Еліміздегі темір жолдардың ұзындығы 21 мың шақырымды құрайды, 2024 жылы сол жолдармен 21 миллионға жуық жолаушылар мен 430 миллион тоннадан астам жүк тасымалданған.

Сонымен қатар миллиондаған жолаушылар еліміздің түкпір-түкпіріне саяхат жасап, темір жол машина жасау кәсіпорындары жұмыс орындарын ашып, өңірлерді дамытып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда.

Бұл атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың ойдағыдай атқарылуына теміржол қатынасының тигізіп отырған пайдасы орасан зор.  

Сондықтан мемлекет басшысының  "Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек" деген тұжырымына қолдау көрсеткеніміз дұрыс деп ойлаймын.

Күмісбек Ербаев.


 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Право на возмещение вреда от незаконных действий государства закреплено на конституционном уровне
  • «Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды
  • ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық
  • В Алматинской области состоялась конференция «Конституция – основа сильного Казахстана!»
  • Алматы облысында «Ата Заң – Қуатты Қазақстан!» тақырыбында алқалы жиын өтті