ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

06fd8b94-d2e8-4d41-95b0-e46b6134f441.jpg

    Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан орталығы Бақанас ауылындағы пайдалануға берілген 5 қабатты 40 пәтерлі жалгер-лік тұрғын үйлердің кілті табысталып, тұрғын үй кезегінде тұрған аудан тұрғындары баспаналы болып, зор қуанышқа бөленді.

92a66d0d-1015-4b0b-8ea8-bb2e47457556.jpg  

 Мерекеге орай ұйымдас-тырылған іс – шараға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме – ұйымдардың басшылары, аудан тұрғындары қатысты.

  «AMANAT»  партиясы Балқаш аудандық филиалының назарында тұрған аталмыш тұрғын үйдің салтанатты шарасында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Үкітайұлы өз сөзінде: - «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауларында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін алдыңғы кезекке қойып келеді. Соның нәтижесінде еліміз бойынша жыл сайын көптеген тұрғын үйлер соғылып, тұрғын үйге мұқтаж жандарға берілуде. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың қолдауының арқасында біздің ауданда да кейінгі жылдары тұрғын үйлер бой көтеріп, олар пайдалануға берілуде. Бүгінде аудан тұрғындарын тұрғын үймен қам-тамасыз ету мәселесі ауданымызда  да қарқынды жүріп, жылма-жыл тұрғын үйлер бой көтеріп, әрбір тұрғынның бас-паналы болу мүмкіндігіне қол жеткізілуде.

      Бұл тұрғын үйдің құрылысы  2022  жылдың қараша айында «Бауыр Құрылыс Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасалып басталған болатын-ды.  Тұрғын үйдің жалпы ауданы - 2586,6 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 2 бөлмелі әр пәтердің аумағы -  55,5 шаршы метр болса,  3 бөлмелі пәтер көлемі - 67,5 шаршы метр.   

   Дана халқымызда «Ауласы бірдің, ауасы бір» деген қанатты сөз бар. Сондықтан баспаналы болып отырған пәтер иелеріне құтты болсын айтып, Сіздерге бұл баспана жайлы қоныс болып, әр күндеріңіз бақыт пен қуаныш мекеніне айналсын деген тілегімізді арнаймыз» деп, тұрғын үй құрылысын жүргізген серіктестіктің директоры Эльмира Сатыбалдиеваға ризашылығын білдіріп, аудан халқы атынан алғыс айтып, осындай тұрғын үйлер болашақта да бой көтеріп, тұрғын үй кезегінде тұрған аудан тұрғындары баспаналы болатынын айтты.  

   Келесі кезекте аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев ақ батасын берді.

   Мұнан соң қуанышты сәттерін тағатсыздана күтіп тұрған пәтер иелеріне баспана кілті салтанатты түрде табысталып, лентасы кесіліп, әжелер қауымы шашу шашып, жиналған көпші-лік мәре  - сәре болып, бір – біріне құтты болсын айтып, қуанышқа ортақтасып жатты.

   Баспаналы болу - әрбір адамның асқақ арманы, бас-ты байлығы. Кім де болса шаңырағы биік,  босағасы берік  өз үйі болғанын қалайды. Сондықтанда дана халқымызда «Үйің болмай, күйің болмас», «Өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деген сөздер бекерден – бекер айтылмаса керек-ті.

   Салтанатты шарада баспана кілтін алған әрбір тұрғынның шынайы қуанышын көзбен көргенде олардың ішкі жан - дүниесін түсінгендей болдық. Өйткені олар жаңадан алған баспаналарының есігін ашып, табалдырығын атап басқан сәтте қуаныштың көз жасы көл болып, ерекше қуанып жатты.

    Тұрғын үйсіз жүрген отбасылардың баспаналы болудың өзі зор бақыт. Тәуелсіз мем-лекетіміздегі азаматтардың әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Бұл ретте мемлекетіміздің негізгі қағидаты, әлеуметтік әлжуаз топтағы азаматтар үшін тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру болып қала бермек. Осы мақсатта мемлекет тарапынан тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға ықпал ететін «Тұрғын үй» бағдарламалары өз жалғасын таба береді деген сенімдеміз.

                             Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға
  • «Самға» - қанатын қайта қомдаған саңлақ
  • Талғар қаласында маңызды энергетикалық жоба жүзеге асырылды!
  • Реализован важный энергетический проект в городе Талгар!
  • Ұлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді