Баршаңызға белгілі, елімізде сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бастау алды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы – бұл еліміз бойынша экологияны қорғауға және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған ұлттық компания.
Акцияның басты мақсаты – қалалар мен ауылдардағы аумақтарды тазарту, ормандарды қоқыстан арылту, қалпына келтіру, табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Адам – табиғаттың төл перзенті. Атаулы акция аясында арнайы жоспар белгіленіп, ауданымызда белсенді өткізілді, атап айтсақ, 205 көше, 3811 тұрғын үйлер мен мекемелердің аулалары, 28 шақырым арық жүйелері, сондай-ақ 11 саябақ тазаланды. Тұрғын үйлер әктеліп, шарбақтар, қоршаулар сырланды, 18 көлдер мен өзен жағалаулары тазаланды, 51 тонна қоқыс шығарылды. Айлықты өткізу барысында, аудан бойынша 4720 тұрғын мен 60 бюджеттік, мемлекеттік мекемелер мен басқармалар қатыстырылды
Аудан көлемінде тазалық жұмыстарымен қатар көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да жүргізіліп, 5270 дана ағаш көшеттері, 2350 ге жуық гүл көшеттері отырғызылды.
Ардагерлер мен қарттардың аулаларын тазарту бойынша қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
Халқымызда «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» - деген нақыл сөз бар, өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған ортаның тазалығына назар аударайық. Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған жерімізді құрметтеп, қадірлеу әрқайсымыздың қастерлі борышымыз.
Қоғамдық пікір көшбасшысы Ғ.Әліпбаева