«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

    «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы осылай аталады. Ол әдеттегідей барлық басым бағыттарды қамтыды. 

Жолдауда негізгі көңіл жұмысшы мамандар тарапына бөлінді, жаңа заңдар қабылдану мақсаты көзделді. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасын көтеру үшін, жаңа бағыттар қарастырылды. Осы жоспарларды жүзеге асыру үшін, барлық Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылуы керек!

    Менің өз басыма инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу бағыты бойынша айтылған түйінді ойлар ерекше әсер етті. «Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды», - деген сөздері айрықша қуантты. 

    Сондай-ақ, «Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды», - деген сөзі де қуантты. Жылда Алакөлге демалыс кезінде бару үшін қиналамыз. Енді жазғы демалыс кезінде бірнеше авиарейс ұшырылса, көп адам қолжетімді бағамен Алакөлге барып емделіп, тынығып қайтатын болады.

    Жолдаудағы ең басты мәселелердің бірі - Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу де бүгінгі күні өз мақсатына жетті. Референдум сәтті өтіп, халық қолдауын білдірді. 

    Мемлекет басшысының нақты шешімін табатын ақша-несие саясаты, бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жақсартуға, еліміздің өнеркәсіп саласын толық пайдалануға қатысты, кадрлық әлеуетті арттыруға, ұлт саулығын нығайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға, заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруға орай айтылған ойларының бәрін де қуаттаймын. Тек сөз жүзінде қалып қоймай, осының бәрі жүзеге асып жатса, еліміз өркендей беретініне сенім мол! 


Қоғамдық пікір көшбасшысы – К.Ербай


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Бірлік пен даму» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» - атты
  • Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бастау алды
  • «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БІЛІМ САЛАСЫНДА
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ОРТАҒА САЛДЫ