РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

5a70dc17-6819-4b39-88c2-4e5b371ad2bc.jpg

Өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан көлемінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында  ағаш егу күні болып, аудан көлемінде барлық ауылдық округтердегі   көшелерге әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

49c138d5-8779-4aff-a474-afa01ed68552.jpg

Аталмыш акция аясында ғимараттар алдына тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізіліп, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді. 

Аудан орталығы Бақанас ауылына кіреберіс жол бойына 1100 жиде көшеттері және «Д.Қонаев», «Сүндетбай болыс» атындағы саябақтарға әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

Көктемгі және күзгі тазалық айлықтарында аудан көлемінде атқарылған жұ-мыстар жайында аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қуаныш Төлепбергеннен сұрағанымызда ол өз сөзінде: «Алматы облысы әкімдігінің 05 сәуір 2024 жылғы  №131 Қаулысына сәйкес, Балқаш ауданы әкімдігінің «Ауданның елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі – күзгі екі айлығын өткізу туралы»  2024 жылдың 09 сәуірінде  №114 Қаулысы бекітілген болатын» деп бастады.

Сонымен қатар ол аудан көлемінде санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру  айлығын өткізу мақсатында әр аптаның сәрсенбі, сенбі күндері сенбілік күні болып белгіленіп, әр ауылдық округтерде іс-шаралар жасалып, ауыл ішінің тазалық жұмыстары жоспарға сай атқарылғанын айтты.

Әңгіме барысында Қуаныш Шұғайұлы «Тазалық айлы-ғында атқарылған ауқымды жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсек,  жыл басынан бері тазалық айлығы барысында 38  мәрте сенбілік өткізіліп, 205 көше, 3811 тұрғын үйлер мен мекемелердің аулалары,  28 шақырым арық  жүйелері, сондай-ақ   11 саябақ  тазаланды. Тұрғын үйлер әктеліп, шарбақтар, қоршаулар  сырланды, 18 көлдер мен өзен жағалаулары тазаланды, 51 тонна  қоқыс шығарылды. Айлықты өткізу барысында, аудан бойынша 4720 - ге жуық тұрғын мен 60 - қа жуық бюджеттік, мемлекеттік мекемелермен басқармалар қатыстырылып, 15 – ке жуық техника, оның ішінде «МТЗ - 80» (Экскаватор), «МТЗ-80» тракторы тіркемесімен, жүк тиегіш (Погрузчик), Камаз, Бульдозер автокөліктері жұмылдырылды. Сонымен қатар аудан бойынша 190 қоғамдық жұмыскерлер тартылды.

Сондай-ақ арнайы тұрмыстық қатты қалдықтар ор-наластыруға бөлінген жерлерге апаратын жолдарға, жол бағыттайтын  сілтеме таяқшалары орнатылды. Жеке кәсіпкерлерге өздерінің жекеменшік кәсіп орындарын, яғни сауда орындарын таза ұстау үшін жұмыстар жасалды» деп, алдағы уақытта тазалық жұмыстары  әрмен қарай өз жалғасын табатынын атап өтті.

Жалпы аталмыш акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.

Қоғамның тазалығы әрбір адамның өзінің жеке тазалығына мән беруінен басталады. Ата - аналар үйдегі балаларына тазалықты сақтау ережесін үйрете жүргені артық етпес. Себебі бала көргенін істейді емес пе?! Сіз тазалықты сақтап, қоқысты арнайы қоқыс жәшіктеріне тастап жүрсеңіз, балаларда сол көзбен көрген әрекетті қайталайды. Сол үшін тазалық пен тәрбиені алдымен шаңырақ басынан бастағанымыз абзал.

Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі екенін ұмытпайық.

                                    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
  • Қауіпсіздік бәрінен маңызды!