2024 жылғы 12 қарашада Қытайдың Чэнду қаласында “Сычуань провинциясының бауырлас қалаларымен ынтымақ

кытай.JPG

    2024 жылғы 12 қарашада Қытайдың Чэнду қаласында “Сычуань провинциясының бауырлас қалаларымен ынтымақтастығы мен дамуы жөніндегі халықаралық конференция” ресми түрде ашылды. Қазақстан делегациясын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қалдыбеков пен Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Айбар Талғатұлы бастап барды. Олар бауырлас қалалардың басшылары қатысқан дөңгелек үстелде негізгі тақырыптар бойынша баяндама жасады.

    Конференция аясында екі өңірдің 47 жоғары оқу орнын біріктіретін Сычуань-Алматы университеттер альянсы ресми түрде іске қосылды. Сонымен қатар, Алматыда қытай тілін оқытуға арналған халықаралық база құру және Сычуань педагогикалық университеті мен “Туран” университетінің бірлесуімен қазақ және орыс тілдерін оқыту орталығын ашу туралы маңызды келісімдерге қол қойылды.

    Айта кетейік, 2017 жылы Сычуань провинциясы мен Алматы облысы арасында бауырлас қатынастарды орнату туралы келісім жасалып, бұл оқиға екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашты. Бұл Сычуань провинциясының Орталық Азия өңірімен алғашқы бауырластық байланысы болды.

    Сонымен қатар, 2021 жылдың 6 мамырында Сычуань провинциясы мен Алматы қаласы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, “Молшылық мекені” мен “Алма қаласы” арасындағы серіктестік одан әрі нығая түсті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году