Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігі

  4758fcba-4586-49ca-b2cf-13b901461637.jpg  

мент.JPG4758fcba-4586-49ca-b2cf-13b901461637.jpg

    Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау үшін іске қосылған жобалар жайлы баяндады.

    "Antifraud-орталық" – Ұлттық банкі мен Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, биылғы 22 шілдеден бастап жұмысын бастаған жоба. Бұл орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары және байланыс операторларын бір жүйеге біріктіріп, алаяқтық әрекеттерді жылдам анықтап, бұғаттауға мүмкіндік береді.

Орталық іске қосылғалы бері облыс аумағында 200-ге жуық күдік тудырған әрекеттерге тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге қаржыларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде”,-деді полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а Нұржан Кеңесханұлы.

    Жыл басынан бері облыста интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың 1136 дерегі тіркелген. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году