Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

bbbf3e89-f5fd-4d22-9ec9-52e968c2c8cc.jpg

    Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

“Заңғар-2024”жастар сыйлығына өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Облыстың дамуына үлес қосып, өз саласында озық шыққан жастарды марапаттау мақсатындағы бұл байқау жас буынға зор қолдау көрсетуді көздейді.

    «Заңғар-2024» сыйлығына қатысуға өңірдің кез келген 14-35 жас аралығындағы белсенді жастары шақырылады. Байқау әртүрлі салаларды қамтып, үздік мемлекеттік қызметкер, дәрігер, ұстаз, спортшы, журналист, кәсіпкер, өнерпаз, волонтер, жастар ісінің әдіскер-нұсқаушысы және кәсіби маман секілді аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Әр аталым бойынша талаптар қатал, үміткерлердің кәсіби жетістіктері, қоғамдық қызметке қатысуы, сондай-ақ өңірге қосқан нақты үлесі жан-жақты бағаланады.

    «Ең үздік атанған жастар облыс әкімінің қолынан дипломдар мен ақшалай сыйақы алады. Бұл сыйлық – жастарды қолдап, олардың қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған маңызды шара», -деді Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев.

    Өтінімдер 13 қарашадан 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Қатысушылардан барлық қажетті құжаттарды толық жинақтап, кәсіби портфолио ұсыну талап етіледі. Байқау қорытындысында қазылар алқасы үміткерлердің жұмыс тәжірибесі мен әлеуметтік маңызы бар үлестерін сараптап, үздіктерді анықтайды.

    Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығы екі жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Байқау ережелерін толығырақ @almobl_jastary парақшасынан біле аласыздар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды
  • Состоялось очередное заседание Комиссии
  • Комиссияның кезекті отырысы өтті
  • Алматы облысында әйелдер істері және отбасылық – демографиялық с
  • Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді