МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР МЕРЕКЕ

Ноғайбай Марат Нұраұлы.jpg

Еліміздегі ерекше мейрамдардың бірегейі — 25 қазанРеспублика күні, Бұл мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекенің тарихына үңілсек, 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР  Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ,  егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Дегенмен аталған құжатт ықабылдау оңайға соқпаған, оған себеп, сол кездегі елдің ұлттық құрамының әркелкілігі. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекетҚазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Марат НОҒАЙБАЙ, «АМАNАТ» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр