Өтетін уақыты: 2024 жыл, 17 қазан, сағат 11:00.
Өтетін жері: Алматы облысы, Кеген аудандық мәдениет үйі.
Мақсаты: Қоғамда әкелердің мәртебесіне қолдау көрсету, отбасы тәрбиесінде әкелердің ролін арттыру мақсатында «Ұлттық құндылықтар негізіндегі әке өнегесі» тақырыбында аудандық әкелер форумы.
Ұйымдастырушы: Кеген аудандық мәслихаты.
Қатысушылар: Кеген ауданының әкімі – Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Досымбеков Сабыр қария және белгілі актер Омар Қиқым, Бекжан Тұрыс сонымен қатар, елімізге танымал ғалым, дінтанушы Қайрат Жолдыбай, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық ақсақалдар, ардагерлер, аналар кеңесі, БАҚ және баспа өкілдері шақырылды. Шараға 200 ден аса адам қатысады деп күтілуде.
Форум кезінде елімізге танымал өнер қайраткерлері әкелердің қоғамдағы алатын орнымен мәртебесін көтеру бағытында тың идеялар мен мазмұнды ойлар баяндайды. Сондай-ақ, кітап көрмесі таныстырылады. Соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған шағын концерттік бағдарламамен ұласады.
Бағдарламасы:
10.30 - 11.00 | Қонақтарды қарсы алу, орналастыру |
11.00 – 11.10 | Құттықтау сөз. Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы |
11.10 – 11.20 | «Ұлттық құндылықтар негізіндегі әке өнегесі» аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Абжанбаев Қызыр Байбалаұлының сөзі. |
11.20 – 11.35 | Сөз. Омар Қиқым. |
11.35 - 11.50 | Сөз. Бекжан Тұрыс. |
11.50 – 12.20 | «Кемелдіке жету жолдары» дінтанушы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлының сөзі. |
12.20 – 12.30 | «Бүлдіршіндердің ұлттық тәрбиесіндегі әкенің рөлі» аудандық мәслихаттың төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлының сөзі. |
12.30 – 12.40 12.40 – 12.45 | Ақсақал сөйлейді, бата береді Кеген ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков. Форумның аяқталуы. |