АҚ КҮРІШ - АУДАН БАЙЛЫҒЫ

82a2bb0f-852e-494b-8325-6e3763f33ac6.jpg

Ақ күріш - аграрлы өңіріміздің басты байлығы болғандықтан, осы тұрғыда аудан диқаншылары жаз бойы күтіп-баптап өсірген ақ маржанды төкпей-шаш-пай жинап, уақтылы қамбаға құйып алудың қамына білек сыбана кірісіп кеткелі де біраз күндердің жүзі болды. Мол өнімді төкпей-шашпай жинауда бар күштерін жұмсап жатқан шаруашылықтардың бүгінгі еңбектері орасаң.

5a23e6f3-5a12-4d6b-b050-cd6e49551ea0.jpg

Осы орайда аудандық ауыл шаруашылығы мамандарының ұсынған ақпаратына сүйеніп, аудан көлемінде атқарылып жатқан күріш орағы жайында сөз қозғасақ, аудан диқаншылары ерте көктемде кетпен – күректерін қолға алып, егін егумен айналысып, 28 570  гектар суармалы  жерге егін ексе, оның  6697 гектарына күріш дақылын сепкен. Енді міне күріш егілген алқаптың 4574 гектарын шауып, 2957 гектарын бастырып та үлгерген.

27b28782-54b6-42bd-b3f4-0afb7d4f6801.jpg

Өңірдегі ақ маржанды ору науқаны бойынша көш бастап тұрған шаруашылықтардың бірі - Бірлік ауылдық округіне қарасты «Агорфирма «Бірлік» ЖШС-гі.

Аталмыш шаруашылықтың егіс алқабына осы аптаның сәрсенбісі күні арнайы атбасын бұрып, ол жердегі қызу еңбекті көзбен көріп, дала төсін дүбірге бөлеп, ерте тұрып кеш жатып, егін орағын ысырапсыз жинауды мақсат тұтқан ди-қаншылармен сұхбаттастық.

Егіс алқапта жұмыс барысын бақылап тұрған «Агорфирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры Алмас Әбдіжаппарұлы бізді көріп, атқаратын жұмысы шаш – етектен болса да бар шаруасын кейінге қалдырып, біздің қойған сұрақтарға мүлтіксіз жауап беріп, күнделікті атқарып жатқан жұмыс барысын байыппен баяндап берді.

Алмас Әбдіжаппарұлының айтуынша бүгінгі таңда 1320 гектар күріш алқабын толықтай шалғыға жығып, оның 1000 гектарын бастырған. Қырманға 5000 тонна астық түсіріп, кү-ріштің әр гектарынан орташа есеппен 50 центнерден өнім алуда.

Сонымен қатар 1360 гектар жерге егілген бидайдан дақылынан  3400 тонна ас-тық алып, әр гектарына 25 центнерден өнім алыпты. Мұның сыртында қысқы мал азығы ретінде 25 000 орама шөп дайындап алған.

Сөз орайы келгенде шаруашылық басшысы күріш ора-ғына 18 комбайындарын жұмылдырып, оның алтауы шабу жұмыстарын атқарса, он төрті бастыру жұмыстарын атқарып жүр. Астық тасмалдауға он екі «МТЗ-1221» тракторларын сақадай-сай сайлап қойған.  

Сондай – ақ ол әңгіме барысында «жауапты науқанда күн-түн демей жанталасып жұмыс жасап жатқан еңбек майталмандары» деп шаруа-шылықтың бас агрономы Бақытжан Сәбитов, механизаторлар Ерболат Әтенбеков, Мирас Мейрам, Сәбит Дабылов сынды азаматардың есімдерін ерекше атап өтті. Олардың науқан уақытындағы тынымсыз жұмыстарына тоқталды.    

Ырысты өлкемізде ел аузында кеңінен тараған «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген қанатты сөз, ақ маржанды алажаздай өсіріп-баптап, ел берекесін тасытып жүрген  аудан диқаншыларына бағытталып айтылса керек. Олардың  жаз бойы төккен тер-лерінің өтелетін кезі осы егін ору науқаны. Ал бітік өскен әрбір дәнді ысырапсыз жинап алу диқаншылардың - басты мақсаты.

Ақ күріш - аудан байлығы. Алажаздай баптап өсірген ақ маржанды төкпей-шашпай жинап алу диқаншылардың ендігі міндеті. Ендеше ерте тұрып, кеш жатып ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген диқаншылар қауымының жұмысына толағай табыстар тілеп, атқарып жатқан жұмыстары берекелі болып, қамбалары астыққа толсын деген тілек тілейміз. 

                                     Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

                           

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады