Мемлекет алға қарай дамыған сайын өркениет жетістіктеріне де ие болатыны сөзсіз.

00.JPG

    Мемлекет алға қарай дамыған сайын өркениет жетістіктеріне де ие болатыны сөзсіз. Өйткені қандай ел болса да, ол қуатты электр көзімен қамтылмаса, жоғары деңгейде дами алмайды. Бізде электр энергиясы қазір жеткілікті болғанмен, экономиканы дамытуда өндірістерді арттыру үшін жаңа кәсіпорындар, зауыттар іске қосылып жатқан кезеңде жетіспейтіні анық. Сондықтан елдің бүкіл экономикасының салмағын жер қойнауының байлығына артып қоюға болмайды. Әрине бізде қатты отынмен, газбен жұмыс істейтін жылу электр станциялары бар. Сонымен қатар олар белгілі бір шығынды қажет етеді. Енді бүгінгі таңда күн, су және жел қуатын пайдалануға көшіп жатырмыз. Бірақ олар жеткіліксіз.

    Әрине, Қазақстанда АЭС құрылысын салуға қарсы болғандар бізді оның техногендік апаты мен зардабынан сақтандырып отыр. 1986 жылғы 26 сәуірдегі Чернобыль АЭС-інің, 2011 жылғы 11 наурыздағы Жапонияның «Фукусима» АЭС-інің алапат жарылыстары бәрімізді де толғандыратыны рас. Сол қайғылы оқиғалардың зардабы әлі талай жылдар бойы қоршаған ортаға әсер ететін болады.

    Алайда, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бүкіл Еуропа атом энергиясының арқасында өмір сүріп отыр. Мысалы, Франция, Чехия мемлекеттері, сондай-ақ АҚШ, Жапония және басқа елдер АЭС-ті пайдаланады. Мысалы, «Фукусима» апаты жер сілкінісі мен цунамидің әсерінен орын алды. Жапония жер сілкінісі жиі болатын аралдағы ел болса да, атом энергиясынан бас тартып отырған жоқ.

    Ешкім де туған Отанында апат болғанын қаламайды. Біздің мемлекетіміз үшін АЭС-ті салу кезінде және оны пайдалануда экологиялық талаптарды сақтау - ең басымдық берілген мәселе.

Егер бұл мәселеге басты назарды аудара білсек, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологияларды дұрыс пайдалана алсақ, бәрі де сәтті болады. Ең бастысы, экологиялық қауіпсіздікке қаражатты аяп қалмау керек. Қаржы көп салынғанмен, ол бірнеше есе болып қайтады. Өйткені біз үшін халықтың қауіпсіздігі, қолайлы өмір сүруі және өскелең ұрпақтың болашаққа деген сенімділігі қымбат.

Қазақстан үшін АЭС салудың тиімді жағы, еліміз уран қоры бойынша әлемде екінші орында. Қазақстан ең қауіпсіз әрі тиімді энергия көзіне ие болуды мақсат тұтып отыр.


Қоғамдық пікір көшбасшысы – Жайдары Алимбаева


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады