АЭС-тің халық үшін қаупі жоқ

аа.JPG


    Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі азаматтар арасында күмән тудырып отырғаны жасырып емес. Көпшілік мұндай станцияның артықшылығын түсінбей, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін зерделемейді. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар, осы уақытқа дейін оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы бұл мәселені шешіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Озық елдердің тәжірибесіне қарасақ, қазір әлем бойынша 415 ядролық реактор жұмыс жасап тұр екен. Тағы 60 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Ең көбі АҚШ-та, Францияда, Қытайда, Ресейде, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда орналасқан. Атом электр станциялары 60-100 жылға дейін жұмыс жасауға қауқарлы.

АЭС-тің халық үшін қаупі жоқ. Станцияның қоршаған ортаға залалы болмашы. Мұны Алматы мен Курчатовтағы зерттеу реакторлары түріндегі тәжірибе жұмыстары көрсеткен болатын. 

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады», - деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» - атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондықтан, Президент айтқан негізгі міндеттердің бірі — Қазақстанды жайлы және қауіпсіз өмір сүру аймағына айналдыруға әрбір қазақстандық үлес қосу керек.  


Қоғамдық пікір көшбасшысы – Бақытжан Қамзин


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году