Алматы облысында жол сапасы жақсаруда: 137,4 шақырым жолды жөндеу жоспарланған

  05a8af81-08bd-4dbc-9331-6519619ada25.jpg

      Жыл басынан бері Алматы облысында 137,4 шақырым жолды жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда осы жоспардың 116,7 шақырымы, яғни 85%-ы орындалып, өңірдегі жол сапасы айтарлықтай жақсарды. Бұл туралы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

    Ермек Баймұхамбетовтің айтуынша, қазіргі уақытта 14 жоба аясында 129 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу және 8,4 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, "Қапшағай – Бақанас – Қарой", "Екатеринбург – Алматы" бағыттары және басқа да ауылдарға кіреберіс жолдарда асфальт жабындысы толықтай жаңартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мысалы, "Шелек – Сарыбұлақ – Ақтұған" бағытында 16,4 шақырым жол жөнделді.

    Жол сапасын жақсарту мақсатында 310,2 шақырым көше-жол желілерін салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1180 шақырым жолға жолақ сызықтары сызылып, 37 671 шаршы метр шұңқырлы жөндеу жұмыстары орындалды. Бұл шаралар көлік қозғалысын реттеу және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

    “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” филиалы арқылы жол жөндеу және қайта құру жұмыстарының сапасын бақылау күшейтілуде. Биыл бұл мақсатта 74,9 млн теңге бөлініп, орталық мамандары жол жұмыстарының сапасын тексеруге бағытталған сынақтар жүргізді.

    Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.Биылғы жылы 44 елді мекенді қамтитын 17 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Осы бағыттар бойынша күнделікті орта есеппен 5 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп жоспарланған.

    “Жыл соңына дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін 93%-ке жеткізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін облыс әкімдігі мен жол жөндеу қызметтері үздіксіз жұмыс істеуде,” – деп қорытындылады Ермек Баймұхамбетов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Казахстане проживает 5 человек по имени Атом
  • Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар
  • Вопрос строительства АЭС обсуждается на встречах представителей Народного штаба с жителями ВКО
  • Как строительство АЭС в Казахстане изменит рынок недвижимости, рассказали эксперты
  • В Алматы обсудили безопасность АЭС и ее экономическую эффективность