Алматы облысында қос бірдей табиғи монополия субъектілеріне қатысты жол картасы әзірленді

    c3384b27-74f5-4926-a097-62269fa31629.jpgc3384b27-74f5-4926-a097-62269fa31629.jpg

    Алматы облысында «Талғар су» және «Есік су» мемлекеттік табиғи монополиялар субъектілерін оңтайландыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Басты мақсат - қос кәсіпорындағы желілердің тозуын қалыпқа келтіру. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Alatau Public Utilites» ЖШС бас директоры Асқар Алмабекұлы мәлімдеді. 

    Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, «Талғар су» және «Есік су» мемлекеттік комуналдық кәсіпорындары 200 мың адамға қызмет көрсетеді.  Алайда, мұндағы су желілерінің тозығы 60 пайыздан асады.  Түйіткілдің түйінін тарқату үшін,  бүгінде қос кәсіпорынның мүліктері  «Alatau Public Utilites» ЖШС иелігіне өтпек.  Артынша, серіктестік Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында  энергия үнемдеу технологияларын қолданы отырып, процестерді автоматтандыруды және цифрландыруды енгізу арқылы сумен жабдықтау жүйесін жетілдіруді қолға алады. 

    « Қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілеріне толық техникалық тексеру жүргіземіз. Қос аудандағы су желілерін жөндеуден өткізіп, қайта жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге кірсеміз»,-деді «Alatau Public Utilites» ЖШС бас директоры Асқар Алмабекұлы.

Жоғарыда аталған жұмыстар «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. 

Айта кетейік, «Талғар су» коммуналдық кәсіпорны 33 елді мекенді, ал «Есік су»  мемлекетттік коммуналдық кәсіпорны 26 елді мекенді сумен қамтамасыз етіп отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр