Алматы облысында интернет-алаяқтықтан 800-ден аса адам зардап шекті

48b691d1-7728-43e4-b5e1-0a6e6a6396c2.jpg

    Бұл деректі Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары, полиция майоры Нұржан Кеңесханұлы мәлімдеді.

    Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 819 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,6%-ға артқан көрсеткіш. Қазіргі уақытта 110 қылмыстық іс аяқталып, 83 іс сотқа жіберілді. Құқық қорғау органдары жәбірленушілерге 10 864 000 теңге қайтарған.

    Сондай-ақ 13-15 тамыз аралығында өткен «Анти-фрод» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бұрын жасалған 10 қылмыстық іс ашылып, екі интернет-алаяқтық дерегі ізін суытпай анықталды. 

    «Жыл басынан бері осындай 5 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Соңғы тексерулер барысында Қонаев қаласы мен Іле және Қарасай аудандарында заңсыз темекі және электронды темекі (вейптер) айналымының үш фактісі анықталды», – деп атап өтті Нұржан Кеңесханұлы.

    Айта кету керек, құқық қорғау органдарының профилактикалық шаралары аясында «Киберпол» қызметкерлері азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және кибергигиенаны дамыту мақсатында 47 акция өткізген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады