Қытаймен ынтымақтастықты нығайту: «ЭКСПО Үрімші – 2024» көрмесінде

 f9b6f316-b225-4802-8e02-4c0161519e8a.jpg

        Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған делегация құрамында Өңіраралық ынтымақтастықтың ІІІ форумы мен 8-ші халықаралық «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесіне қатысу үшін, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына ресми сапармен барды.

    937c7593-1cad-49dd-81e7-3911b4337546.jpg

        Екіжақты кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын ШҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синьжуй Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге ҚХР-ға сапарының бірінші күнінде ұсынды.

Кездесу барысында тараптар туризм, темір жолды дамыту, жаңа шекаралық өткелдер салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және оның көлемін арттыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

 ff26236c-13da-46ff-aedc-3a87a8e3f035.jpg

    «Қазақстан-Қытай тауар айналымының жартысына жуығын ШҰАР құрайды, өйткені ол  Қазақстанның Қытайдағы негізгі серіктесі. Өңіраралық ынтымақтастықты іс жүзінде кеңейту айтарлықтай өсуде.  Ең перспективалы бағыттар: көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, инвестициялық ынтымақтастық, сауда кедергілерін жою және қолайлы сауда режимін жақсарту, туризм» - деп,  атап өтті Серік Жұманғарин.

         26 маусымда Қазақстан Республикасы мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығын дамытуға арналған «ЭКСПО Үрімші-2024» форумында, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін, қытайлық әріптестермен диалогқа белсене қатысып, өзара іс-қимыл мәселелері мен әлеуетті жобаларды талқылады.

         «Соңғы жылдары Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып қала бермек», - деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

        Біздің өңір де бұл үдерісте белсенді рөл атқарады.  Алматы облысында тауар айналымының 324,1 млн. АҚШ доллары Қытай Халық Республикасына келеді. 2021 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында  экспорт үлесі екі есе өсті.  Экспорт құрылымында азық-түлік тауарлары басым.  Облыста 110-нан астам бірлескен кәсіпорын бар.  Өз кезегінде Алматы облысы Орталық Азиядағы маңызды көлік дәлізі бола отырып, халықаралық танымал жобаға айналған «Бір белдеу – бір жол» экономикалық бастамасын, одан әрі жүзеге асыруға ерекше мән береді», - деді аймақ басшысы. 

         Сапар барысында облыс әкімі өңіраралық байланысты нығайтуға және бірлескен жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.  Кездесулерге жиырмадан астам қазақстандық бизнесмендер де қатысты, бұл екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға белсенді қызығушылық танытты.  Шара барысында энергетика және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылып, көлік секторы, құрылыс, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы бірлескен жобалардың келешегі талқыланды.

 

 Форум интеграциялық үдерістер мен аймақтар арасындағы экономикалық байланысты тереңдетудің маңызды алаңына айналды.

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады