«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

5985046d-34c3-44f8-8af8-97be44b6420e.jpg

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өз жалғасын тауып жатыр. Акцияның атауы айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу болып табылады.

 Осы бағытта «Таза бейсенбі» акцясы аясында аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл шараға аудан тұрғындары белсенді қатысты. Аудан көлеміндегі ауылдарда Іле өзенінің жағалауы мен ауыл көшелері тазаланды.

fb311573-38e5-4b15-81bb-57831d2dec68.jpg

Апта сайын ұйымдастырылатын сенбілік барысында әдеттегідей саябақтарда егілген ағаш көшетері суғарылып, мекеме ғимараттарының аулалары тазаланып, күл-қоқыстар мен күнделікті қолданылатын тұрмыстық қалдық заттар сенбілік жұмыстарға арнайы бөлінген техникалар арқылы күл-қоқыс төгетін белгіленген орындарға шығарылды.

Міне, «тазалық табалдырықтан басталады» дегендей, әр адам тазалықты алдымен өзінен бастауы қажет. Үйдегі бүлдіршіндерге де тазалықты сақтау ережесін үйрете жүргеніміз артық етпес. Себебі бала көргенін істейді емес пе?! Сіз тазалықты сақтап, қоқысты арнайы жәшікке тастап жүрсеңіз, үйдегі бала да сол әрекетті қайталайды. Сол үшін тазалық пен тәрбиені алдымен шаңырақ басынан бастағанымыз абзал.

                                                                                  Өз тілшімізден.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
  • Казахстан и Азербайджан запустили Транскаспийскую волоконно-оптическую линию связи
  • Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
  • Глава государства отметил, что саммит проходит в период, когда сама значимость форума подвергается с
  • Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты