"Бір ауыл - Бір өнім" жобасының көрмесі Шонжыда өтті

6bfe1fc7-76ce-452f-b009-624043fdfc5a.jpg6bfe1fc7-76ce-452f-b009-624043fdfc5a.jpg b8020d85-efe2-437c-8583-5c82a9678cd3.jpgc4428433-edc7-481d-aa1f-d54f9c224978.jpg  d7671e31-1133-4b62-afcf-9f1f9379ed16.jpg                                                                                       

 Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған "Бір ауыл - Бір өнім" жобасының көрмесі өтті. Бұл шарада ауданның отызға жуық кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырып, көрмеге келушілерге өз өнімдерінің сапасы мен ерекшеліктерін көрсетті.


Жобаның басты мақсаты - әр ауылдың ерекше өнімдерін нарыққа шығарып, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Көрмеде қатысушылар түрлі ауылшаруашылық өнімдерінен бастап, қолөнер бұйымдарына дейін кең ассортимент ұсынды. Бұл шара жергілікті кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуына және ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік берді.


Көрме аяқталған соң, аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудан кәсіпкерлері белсенді қатысты. Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялар, гранттар және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін басқа да мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берілді.


Бұл шаралар жергілікті кәсіпкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер өз өнімдерін жетілдіру мен бизнес жүргізудің жаңа әдістерін меңгеріп, ауданның экономикалық дамуына өз үлестерін қоса алады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году