ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ӨРЕНДЕРГЕ БЕРЕРІ КӨП

7293526f-b37c-4994-8463-50c30fcc6b31.jpg

Құйған ауылдық округінде тұрғындардың сұранысы бойынша сәуір айынан бастап ауылдық Мәдениет үйінің жанынан  домбыра үйірмесі ашылып, бүгінде өз жұмысын бас-тап кетті. Үйірме жетекшісі  ауылдық Мәдениет үйінің көр-кемдік жетекшісі  Нарботаев Саят Әбіжанұлы.

Білікті маман жас өнерпаз-дарға күйшілік өнерді насихаттауда.Үйірмеге қызығушылық танытқан Н.Бозжанов атындағы орта мектептің оқушылары са-бақтан тыс бос уақыттарын тиімді өткізуде және екі ауысыммен жұмыс жасайтын үйірмеге қатысып, өнер жолына қадам басуда. Бұл  ауыл халқы үшін мақтанарлық жағдай.

Мәдениет үйінің жанынан құрылған үйірмеде оқушыларға домбыраның құдіретін тану-да, қызығушылықтарын оятуда ұлттық өнеріміздің мақтаныштары Құрманғазы Са-ғырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлының шығармашылықтарымен ке-ңінен танысуға мүмкіндік мол.

Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыз домбыра туралы: «Қос ішек адамның денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады, күш-қуатын арттырып, батылдыққа баулиды» деп айтқан екен.

Ал қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деп ерекше баға берген. Бұл   халқымыздың ежелгі мұрасына берілген жоғары баға деп білемін.

Ауыл балаларын домбыра үйірмесінде ғажап өнерге баулып жүрген Саят Нарботаевқа ата-аналарда өз алғысын айтуда.

Гүлсана САТАНОВА, Құйған ауылдық округінің бас маманы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году