Өткен аптаның жұмасы күні аудандық Мәдениет үйінде Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының жоспарына сәйкес, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен тіршілігінде бірнеше өнерді меңгерген алып күштің иесі, композитор, балуан, әнші, ақын, сері халыққа «Балуан Шолақ» атты лақап атымен кеңінен танылған Нұрмағанбет Баймырзаұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Әйгілі әнші - композитор, сал-серілер дәстүрін жалғастырушы - Балуан Шолақ» атты облыстық өнер, зерттеу конференциясы болып өтті.
Облыс деңгейінде ұйымдас-тырылған іс-шара аудан орталығы Бақанас ауылына кіреберісте орналасқан Д.Қонаев атындағы саябақ төрінде тұрған Ұлы тұлға Ди-мекеңнің еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды.
Сонымен қатар мәдени шараға арнайы келген құрметті қонақтар аудандық тарихи - өлкетану музейін аралап, ол жердегі құнды жәдігерлерді көзбен көріп, олардың тарихымен жақын танысты.
Мұнан соң жиналған көп-шілік аудандық Мәдениет үйінде «Мен халқымның Балуан Шолағымын» атты кітап көрмесімен танысып, «Қазақфильм» киностудиясы-ның түсірген «Балуан Шолақ» кинофильмінен бейне үзінді көрсетілді.
Облыстық конференцияны аудандық тарихи - өлкетану му-зейінің өлкетанушысы Зәуреш Демеуқұлова жүргізді.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жә-не спорт бөлімінің басшысы Дәулет Шайбаев құттықтау сөз-бен ашып, қасиетті өңіріміз-ден шыққан бірқатар білекті балуандардың есімдерін атап, бүгінгі жас балуандардың жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.
Бұдан соң келген қонақтарға кезекпен сөз берілді. Олар да Балуан Шолақтың өмір жолына кеңінен тоқталып, конференция барысында алып күштің иесі болған ол кісінің басынан кешкен түрлі оқиғаларын әңгіме өзегіне айналдырып, балуанның сегіз қырлы бір сырлы болғаны жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар «Бақанас халық» театрының өнерпаздары Нұрмағанбет Баймырзаұлының Балуан Шолақ есіміне иеболуы жайында харихи көріністі сахналады.
Осылайша туғанына 160 жыл болған атақты балуанның біз біле бермейтін қыр-сырлары айтылып, шараның көрігі қыза түсті.
Өз тілшімізден.