ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

      474bb317-c23f-4504-8637-3eeb77d6672f.jpg   

        Өткен аптада аудан әкімі Азат Құтпанбетов Ақжар және Жиделі ауылдық округтеріндегі Мәдениет үйлеріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыс-тарының қарқынын көзбен кө-ріп, зерделеп қайтты. 

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәулет Шайбаев, аудандық Мәдениет үйінің директоры Фархат Жылгелдиев сапарлас болды.

Өзінің іссапарын Ақжар ауылдық округінен бастаған аудан басшысы алдымен Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінде осы ауылдағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді өз міндеттеріне алған «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС-нің басшылары мен құрылыс нысанының техникалық бақылауына жауапты мамандармен және  ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізіп, құрылыс жұмыстары жайында кеңесті.

Мұнан соң Мәдениет үйінің ғимаратына барып, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары жайында мәселелерді кеңінен талқылап, жұмыс барысын көрді.

Келесі кезекте  Жиделі орта мектебіне атбасын бұрып, ол жерде де ауылдық Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «ТУНАС» ЖШС-нің басшысы және ауыл тұрғындарымен кеңес өткізді. Жиын барысында осы уақытқа дейін атқарылған, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайында кеңінен әңгіме өрбітіп, құрылыс нысанына барып, ол жердегі атқарылған жұмыстарды көзбен көріп, жауапты мамандарға бір-қатар тапсырмалар жүктеді.

Сапар барысында аудан басшысы Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе ауылына да барып, «Топар» өзенінің су деңгейін көрді. Сонымен қатар  Құйған ауылдық округіндегі егін егумен айналысып жатқан «Жетісу Агро» ЖШС-нің егістік алқаптарын суландыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыс жүйесімен танысты.

Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды саралап шыққаннан соң қолға алынған әрбір істің нәтижелі болуын және құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуына баса назар аудару қажеттігін баса айтты.

Шынында да ауыл тұрғын-дарының қажеттілігі үшін жүзеге асырылып жатқан  дүниелердің сапалы әрі жақсы болғаны ауыл ажарын одан әрі нұрландыра түсетіні сөзсіз.

Ал жасалынып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы болу құрышқолды құрылысшыларға тікелей байланысты.

Ендеше ел-жұрттың сенім артып отырған құрылысшылар қауымына еңбектеріне жеміс тілейміз.

                                                      Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр