ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР

29f82e40-4954-42fd-9581-afb0b8228b78.jpg

«Еңбек адамы» деген атқа лайық бүгінгі кейіпкеріміздің жүріп өткен жолына назар аударсаңыз, ат жалын тартып мінген шақтан ауыр еңбекте шындалып өскенін аңғарамыз.

Бекен Қасымбаев - 1960 жылы ескі Бақбақты ауылында дүниеге келген. «Қазанның 50 жылдығы» атындағы күріш совхозы құрылған жылы әке-шешесі осы ауылға қоныс аударған. Осындағы орта мектепті тәмәмдағаннан кейін Отан алдындағы әскери борышын өтеген. Жамбыл қаласындағы ветеринария жоғары оқу орнын бітіріп, 1984 жылы аталмыш совхозда мал кешенінің  меңгерушісі болып еңбек жолын бастады. Міне, сол жылдардан бері ауылшаруашылық саласының қарақазанында қай-нап келеді.

«Бірлік» АФ-ның негізін қалап, шаруашылығының тасының өрге домалауына зор үлесін қосып жүрген, елімізге кеңінен танымал Атымтай жомарт азамат Әбдіжаппар Қыстаубаевпен бірге аталмыш шаруашылықтың құрылған күнінен бастап бүгінге дейін  онымен бірге жұмыс жасап келеді. Зейнеткерлікке шықса да жұмыстан қол үзген жоқ.

Өмірлік жан-жары екеуі  ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, олардан немерелер сүйіп отырған ардақты ата-әже.

                                                                                           Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году