ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

ae0536bd-2476-4ccf-b4db-0eb100e59521.jpg

Жақында Петропавл қаласында Грек-рим күресі-нен U-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

 Еліміздің әр өңірлеріндегі кіл мықтылар бақ сынаған байрақты бәсекеде біздің жерлестерімізде өз өнерлерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Республикалық чемпионатта Алматы облысының намысын қорғаған жерлестеріміз жайында айтар болсақ, 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Нұрәли Асқар чемпион атанып, Азия чемпионатына жолдама алды. Ал 62 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбын Байкенже ІІІ-ші орынды иеленді.

Республикалық чемпионатта Алматы облысының намысын қорғап, ауданымыздың абыройын асқақтатып, Азия чемпионатына жолдама алған жерлесіміз Нұрәли Бақанас ауылының тумасы, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясында білім алып жүріп, спортпен шұғылдануды бастаған.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен шыныққан жас балуан аудандық, облыстық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, спортқа деген құлшынысы онан әрмен арта түскен.  Ал  Айбын Байкенже Жиделі ауылының тумасы. Ол Ақдала орта мектебінде оқып жүріп, боз кілемде белдесуді бастаған.

Қазіргі таңда қос балуанда Алматы қаласындағы «Шаңырақ»  ықшам ауданындағы  «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында 9 сыныпта оқып жүр. Олардың жаттықтырушылары Грек-рим күресінен Қазақстанның спорт шебері Саламат Сәрсебек пен Назтай Мейрамбек.

Спорт патриоттық тәрбие көзі, әрі денсаулық кепілі. Қазіргі  жастардың спортқа деген қызығушылықтары өте жоғары. Олардың осы ынта-ықыласына қолдау көрсету үшін түрлі деңгейдегі жарыстардың жиі ұйымдастырылуы -

құптарлық іс.

 Әр спортшы жарыстарда өз елінің, өз туған жерінің намысын қорғайды. Сондықтан біз балалар мен жастарды спортқа барынша тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізге әр- дайым қолдау көрсетейік.

                

                                                                                                                                                                 Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр