Бүгінгі таңда облыс бойынша 1191 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Оның ішінде археологиялық ескерткіштер – 961, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 230.
Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне 3 ескерткіш енгізілген: Талғар, Қарамерген қалашықтары және Тамғалы қорық-мұражайы. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар 5 ескерткіш, жергілікті маңызы бар 799 ескерткіш орналасқан.
Бұл шараның мақсаты - Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын және отандық мәдениетті сақтау және насихаттау, халықтың тарихи тағдырының маңызды айғағы ретінде, оның дамуының негізі, бүкіл адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі екенін ұғыну.
Осыған орай, «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс бойынша «Киелі мекен» апталығы өткізілуде. 15-17 сәуір аралығында акцияға 3263-тен астам адам қатысты. Акцияға әртістер, мәдени ұйымдардың қызметкерлері, аудандар мен қалалардың оқушылары мен тұрғындары қатысты.
Жиналған қоқыс көлемі 7 тоннаны құрады, оның 3 тоннасы қайта өңдеуге жіберілді. Санитарлық тазалауға жататын аумақтың ауданы 6000 гектарды құрайды.
Жалпы, өңір бойынша 32 бірлік тиеу және 10 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.
164 тарихи-мәдени ескерткіштерде қалпына келтіру, бояу және өзге де жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, ҰОС-ның 99 ескерткішінде аумақты жинау, әктеу, сырлау және гүл отырғызу ұйымдастырылды.
Акция жастарға Еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге, оны құрметтеуге және дәріптеуге өз ықпалын тигізді.
Аудандар мен қалалар | Объектілер саны |
Балқаш ауданы | 16 |
Еңбекші ауданы | 22 |
Жамбыл ауданы | 20 |
Іле ауданы | 15 |
Қарасай ауданы | 21 |
Кеген ауданы | 13 |
Райымбек ауданы | 13 |
Талғар ауданы | 14 |
Ұйғыр ауданы | 12 |
Қонаев қаласы | 10 |
Алматы облысының әкімдігі.