Қонаев ардагерлері Жеңіс паркін тазалады

Қаламызда «Киелі мекен» акциясы жалғасуда. Бүгін аталған эконауқанның аясында ардагерлер мен жастар бірлесіп, қаладағы Жеңіс паркін тазалады.

Бұл парк былтырдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жасыл желектер егіліп, ағаштар әктеліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылып, гүлзарлар жасалған болатын. Сондай-ақ мұнда ҰОС-ға қатысқан ардагерлердің суреті бейнеленген панно орнатылып, шағын сәулеттік нысандар қойылды. Ең бастысы – парктің аумағында Ауған соғысы мен ҰОС арналған үлкен екі ескерткіш бар.

Бұл күні саябаққа ардагерлер мен жастардан 100 адам жиналып, парк аумағын қоқыстан, жерге түскен сары жапырақтардан, арамшөптерден тазартты. Ескерткіштердің төңірегі сыпырылып, жұртшылық бір адамдай еңбек етті. Нәтижесінде бұл жерден 35 қап қоқыс шығарылды.

«Өткеннен сабақ алмай, келешекке қадам баса алмаймыз. Осындай тарихи ескерткіштердің жан-жағы таза болып тұрса, ұрпақтарымыз ата-бабаларына үнемі тағзым жасап тұрса, керемет емес пе? «Киелі мекен» акциясын бұқара түгелдей қолдауы керек деп ойлаймын. Себебі, бұл – жай ғана сенбілік емес, бұл – балаларға тәрбие беру, халықты тазалыққа шақыру», — деді Ауған соғысының ардагері Алдажар Сейітұлы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года
  • Читающая нация: в Алматинской области планируется увеличить число читателей до 100 тысяч человек
  • Кітап оқитын ұлт: Алматы облысындағы оқырман санын 100 мыңға жеткізу жоспарлануда