Алматы облысы аумағында жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық жоба – логистикалы

Алматы облысында жалпы құны 70 миллиард теңгеге жуықтайтын ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. «Focus Logistics» ЖШС облыстың оңтүстік өңірінде логистикалық парк салу бойынша ірі жобаны қолға алды. Оны жүзеге асыру аймақтың логистикалық инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа мүмкіндік береді. Жоба аясында 4500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ әрі 300 000 шаршы метрден астам қойма алаңы іске қосылады. Жобаның аяқталу мерзімі 2028 жыл деп көрсетілген.

Жобаның бірінші кезеңі бойынша шамамен 94 га аумақта «OZON» компаниясына арналған «А» сыныпты қойма құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы аталған қойманың іргетасын қалау рәсімі өткізілді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Аталған логистикалық парктің Үлкен Алматы айналма жолының бойында орналасуы көптеген артықшылықтар береді. Әсіресе, тиімді жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді. Бұл стратегиялық орын негізгі магистральдарға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді әрі басқа аймақтармен және қалалармен жеңіл байланысуға мүмкіндік береді. Осындай ыңғайлы орынның арқасында логистикалық парк тауарларды тасымалдау және таратумен айналысатын компаниялар үшін тиімді орталыққа айналады деп күтілуде.

download.jpg

 

434581769_1451388435554933_805798798423604496_n.jpg 

 

 


 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году