Аманаттықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 1 мыңнан аса аяқ киім жолдады

c7fa6def-8285-46ad-9bea-a4a00015b8fb.jpg5117bb45-8428-489d-aa8a-fbcf841f99b2.jpg

«AMANAT» партиясы су тасқынынан зиян шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті.

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Бүгін игі бастамаға облыстық "AMANAT" партиясының мүшелері қосылды.

 11d6cdb8-3c24-460c-a293-cc2c67c8911b.jpg11d6cdb8-3c24-460c-a293-cc2c67c8911b.jpg180d0c66-7bd8-41f7-a72f-9657c8bf0ba0.jpg

«Бірнеше өңірді су алып жатқандығы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Еліміз үшін, халқымыз үшін қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз. Зардап шеккен аймақтардағы әріптестерімізбен хабарласып, қандай қажетті құрал жабдықтар керек екенін сұрадық. Олардың бірінші сұранысы – резеңке аяқ киім. Партияластар мен депутаттық фракция мүшелері 1 мыңнан аса резеңке етік жинап, алғашқы көмек легін бастады», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.

 Айта кету керек, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін «Алатау жастары» КММ облыстық волонтерлік штабы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өңір тұрғындары халыққа қажетті заттарды алып келіп, өткізе алады. Қабылдау пункті Қонаев қаласындағы Центральная көшесіндегі 19 үйде орналасқан.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году