Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

Жылдың басынан Алматы облысында 8545 бала дүниеге келді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2023 жылдың  қыркүйек айында аймақта ең көп, яғни 11500 сәби тіркелген екен.

Айта кетсек, баланың тууын мемлекеттік тіркеуге өтінішті оның ата-аналары баланың дүниеге келген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей берулері тиіс.  Егер ата-аналар қандай да бір себептермен нәрестені тіркей алмаса, бұл миссияны басқа туыстары, қамқоршылары немесе бала туылған кезде анасы болған медициналық ұйымның әкімшілігі өздеріне алулары керек.

Өтінішті республика аумағындағы кез келген ХҚКО-дан немесе онлайн жолдауға болады, - деп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалында нақтылады.

Өтінішке өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, егер некеде болса, ата-анасының некеге тұру туралы куәлігінің көшірмесі қоса беріледі. Егер тіркеуге қызметті алушының өкілі жүгінсе, нотариалды куәландырылған сенімхаты да қажет.

Егер өтініш ХҚКО арқылы берілсе, онда баланың тууын тіркеу мерзімі бес жұмыс күнін, егер электрондық үкімет порталы арқылы жіберілсе үш күнді құрайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды*
  • Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді
  • Конституционный референдум в Казахстане: новый этап реформ
  • Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане
  • *В Астане от имени Главы государства были вручены ключи от квартир работникам СМИ*