БОЗ КІЛЕМДЕ БАЛҒЫН БАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

f2082c45-6ec3-420f-91e2-7c2ebb859ed8.jpg

15-17 ақпан күндері аралығында  Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына - 35 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың ерен ерліктерін дәріптеп, жастарға насихаттау мақсатында аудандық дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешенінде 2011-2012, 2013-2014 жылдары  туылған жасөспірімдер арасында Грек- рим күресінен облыстық ашық турнир болып өтті.

Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов «1979-1989 жылдар аралығындағы  Ауған соғысы Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі болды. Бұл соғыста Қазақстаннан 22 мың 269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапса, 21 адам хабар-ошарсыз кетті. Ұрыс аяқталады, ал тарих мәңгілік. Осылайша Ауған соғысы да тарихқа енді.

Осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында 10 жыл соғыстан кейін КСРО әскері Ауғанстан жерінен шығарылды. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді» деп жарысқа қатысушы балғын балуандарға сәттілік тіледі.

Аудан басшысының тілегінен кейін Ақдала орта мектебінің оқушыларынан жасақталған жас сарбаздар әскери киім киіп, сап түзеп, алаңнан жүріп өтті.

Келесі кезекте сөз алған құрметті қонақтар Ауған жерінде өздерінің Отан алдындағы аза-маттық борыштарын атқарып, елге аман оралған ардагерлердің отбасына амандық, дендеріне саулық тілеп, тәуелсіз мемлекетімізде мәңгі бейбітшілік болсын деген тілектерін білдірісіп жатты.

Жарыстың ашылу салтанатынан кейін облыстың әр өңірінен келген жас балуандар боз кілемде белдесулерін бастап кетті.

Байрақты бәсеке барысында ауданымыздың балғын балуандары  сынға түсіп, әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орындарды еншіледі. 

Екі күнге созылған белдесуде бақ сынаған жерлестеріміз 3 алтын, 8 күміс және 20 қола медалдарды еншілеп, жалпы командалық есепте І-ші орынды иеленді.

Облыстық турнирде сынға түсіп, ақтық сайыста өнер көрсеткен спортшыларды атап айтар болсақ,  Досжан Ержан,  Жігер Мәметәлі және Ардақ Жақсыбек өз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақса, Ерасыл Әбіл, Әділет Қалдыбай, Бекжан Бекенұлы, Алдияр Сейткерім, Сабыр Нұрділда, Дияр Мұханғали, Әлинұр Тілеубек және Азамат Тойтан ІІ-ші орынға тұрақтады.

Бұл жерлестеріміздің көрсе-тіп жүрген жоғары нәтижелерінің бірі. Аудан орталығында ұйым-дастырылған жарысқа қатысқан жас балуандарымыздың кейбі-реуі облыстық турнирде бақ сынаған алғашқы белдесуі болса, енді бірі тұңғыш рет жеңіс тұғырынан көрініп, мәртебесі бір көтеріліп қалды

Жас спортшылардың жарыс-тарда жеңімпаз атануы осындай нар тәуекелге бел буып боз кілемде бақ сынайтын кезеңдері көп болуына байланысты болмақ.

Сондықтанда аудан көлемінде жас спортшылардың тәжірбие алмасуы үшін осындай жарыстарды өткізіп тұрудың маңызы зор.

                                                                                 Өз тілшімізден.

 

      

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр