«ЗАҢҒАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

6fc8e963-db7b-4489-a7fa-9dda30b05fdd.jpg

Жастар арасында әртүрлі сала мамандық иелерінің үздіктерін анықтау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде облыс көлемінде көптеген байқаулар өткізіліп тұрады. жүректерінде жастық оты лапылдаған білімді де білікті жас мамандар арасында өткізілетін байқаудың бірі - «Заңғар» жастар сыйлығы.  Бұл жарқын жобаның салтанатты жиыны 9 ақпан күні облыс орталығы Қонаев қаласында өткізіліп, байқау жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым арнайы қатысып, облыстық байқауда бақ сынап, үздік атанған жастарға өзінің жүрекжарды ақ тілегін арнап, марапаттады.  

Сөз орайы келгенде облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым «Заңғар» жастар сыйлығына  Алматы облысы бойынша 160-қа жуық үміткерлердің ниет білдіргені және жарыс нәтижесінде әр сала бойынша жетістікке жеткен үздіктер байқаудың 15 номинациясы бойынша анықталғанын атап өтті.

Байқауда бақ сынап, өзінің ерекше еңбегімен көзге түскен жеңімпаздар арасында біздің жерлесіміз Мөлдір Тілеубай «Заңғар» жастар сыйлығының «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы» номинация иегері атанып, аудан абыройын асқақтатты.

Бұл біздің Мөлдір Серікқызының бағындырып отырған биік белестерінің бірі ғана. Өйткені ол 2021 жылы Павлодар қаласында өткен "Жыл волонтеры" Халықаралық сыйлығын "Бейбітшілікті, дос-тық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Дипломымен, сонымен қатар 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған болатын-ды. 

Сондай-ақ 2022 жылы Халықаралық волонтерлер форумына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ұсынған Сертификаттың иегері атанса, 2023 жылы “Тәуелсіз ел жастары” Қоғамдық қоры-ның ұйымдастыруымен өткен “Қазақстанның үздік ауыл жастары” Республикалық байқауының жеңімпазы, “Қазақстанның үздік ауыл жастары” Құрмет грамотасының және төсбелгісімен марапатталды.

Білікті маман Бақбақты ауылдық округі әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы қызметін ойдағыдай атқарып, ауыл жастарын әртүрлі аудандық, облыстық байқауларға қатыстырып, олардың жеңіс тұғырынан көрінулеріне сүбелі үлесін қосып жүрген жайы бар. Әрдайым аудан абыройын асқақтатып жүрген жерлесімізді құттықтаймыз!

                                  Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі»                              

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр