БАТЫР ЕРЛІГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ


c0eb8d1a-2460-4af7-9362-bd9b1205b04c.jpg

30 қаңтар күні аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, 28 панфиловшылардың бірі, жерлесіміз Мұсабек Сеңгірбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Мақтан етіп ерлікті, біз жырлаймыз елдікті!» тақырыбында ерлігі-елге ұран, ұрпаққа - үлгі болған батыр бабамыздың есімін ұлықтап, ерлігін насихаттау мақсатында патриоттық танымдық іс-шара болып өтті.

Мәдени шара барысында "Жауынгер жолы-даңқ жолы"  тақырыбында аудандық тари-хи-өлкетану музейінде экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар аудан орталығындағы  М. Сеңгірбаев атындағы орта мектептегі жауынгер бюстіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым жасап, отан қорғау жолында жан тапсырған жерлесіміздің ерлігі жайлы естеліктер айтылып, мектеп оқушыларының мадақтама, ода - жырлары оқ-ылды.

Сондай-ақ, шараға қатысу-шылар мен батыр ұрпақтары естелік суреттерге түсті.

Жердің тұтастығы мен халқының бейбітшілігі жолында қолына қару алып, қарша бораған оқ пен оттың ортасында ерліктің ерен үлгісін жасаған батырдың ерлігін ұрпаққа ұлықтау бүгінгі аға буын өкілдерінің парызы.

                                               Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В китайском городе Иу стартовал второй сезон шоу Silk Way Star
  • Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает
  • Обращение
  • в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»
  • Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.