Алматы облысындағы екі ұзақ мерзімді құрылыс нысаны бақылауға алынды

        Бұл туралы брифингте Алматы облысының жемқорлыққа қарсы еріктісі Куляра Маненова мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

        Еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын осындай 156 нысан бар екені анықталды. Оның ішінде 2 нысан Алматы облысында орналасқан. Бұл - Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және Райымбек ауданы Жамбыл ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы.

        Сауықтыру кешенінің құрылысына 2019 жылы 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, тапсыру мерзімі 2021 жылғы қаңтарға белгіленді. Ал мәдениет үйіне 2021 жылы 474 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп, жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022 жылдың тамыз айына қойылды.

        Алайда, екі нысан бойынша да мерзімдер бұзылып, қазіргі таңда сот процестері жүріп жатыр.

        Антикор еріктілермен бірлесіп осы екі нысанды жіті бақылауда ұстайтын болады.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
  • жылыту маусымы нәтижелі аяқталды
  • Алматы облысында 25 жылдық кепілмен салынған жолдардың жағдайы депутаттық сынға ілікті
  • В Алматинской области состояние дорог с 25-летней гарантией вызвало резкую критику депутатов
  • Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді