ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ

bddfb05a-7f8f-4148-81e2-319c47ba0317.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізе­ді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев­тың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақым­жан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл то­лады. Сонымен қатар тарихшы­лар­дың пайымдауынша, Жошы ұлысы­ның іргесі қалғанғанына – 800 жыл. Мем­лекет­­тілігі­міз­дің тамыры тым терең­де жатқанын әйгі­лейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеу­лер қолға алынады. Биыл Қазақстан тари­хының көптом­дығын әзірлеу жұмыс­тарын да аяқ­таймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмыл­дырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа. Осындай маңызды оқиғалардан бөлек, күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз емес. Бұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны барша азаматымыздың ерік-жігеріне де байланысты. Мен жаңажылдық құттықтауымда биыл бәріміз тұтас ұлттың өсіп-өркендеуіне куә болатынымызды айттым. Бірақ осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек» деді.

            Тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа насихаттау да аудандық тарихи- өлкетану музейінде де ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасап жатырмыз. Президентіміздің берген сұхбатынан ой түйіп жоғары да аталған тарихи тұлғаларды насихаттауға өз үлесімізді қосып жоспарлы жұмыстарды жасауға білек сыбана кірісіміз деп сенім білдіремін. Өйткені тарихи тұлғалар еліміздің мақтанышы.

Ахмет БАСШЫБАЕВ, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ