ҚОҒАМДА ОРЫН АЛЫП ЖАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР

044d3433-edb1-43a8-b8b2-5d9405d754af.jpg 

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев жыл қорытындысы ретінде «Егемен Қазақстан» газетіне ауқымды сұхбат берді.  Президентіміз еліміздегі саяси өзгерістер жайлы ғана емес, сондай-ақ кейінгі кездері ушығып, қоғам арасында алаңдатушылық тудырып жатқан бірқатар мәселе жайлы кеңінен айтып өтті.

 Сұхбат барысында Президентіміз  жылдан жылға көбейіп келе жатқан отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі, халықтың әлеуметтік жағдайының одан әрі төмендеуінін салдарынан қарызға белшеден батуы, жұмыссыздық, оның ішінде тәжірибесі жоқ жастардың өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алмауы, көптеген отбасында қаражат жетіспеушілігі орын алса да елдегі қымбатшылықтың басылмауы секілді мәселелерді көтерді. Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін де ауқымды жұмыстар атқарылды, дегенмен толық шешімі табылмады. Жалпы Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбат барысында бұл мәселелерді көтеру оның елдігі жағдайды білетіндігін және де әлі де оларға аса мән беріп отырғандығын айта кетті.

Қазақстан азаматшасы және де көп баланың анасы ретінде Президенттің осы мәселелерге ден қойып, оны шешу жолында жаңа бастамалар қолға алып отырғандығы мені  қуанышқа бөледі. Өйткені еліміздің өркендеуі, балаларымыздың қауіпсіз ортада өмір сүрулері үшін жоғарыда айтылған мәселелердің шешілуі аса маңызды.  Менде қоғам белсендісі ретінде  осы бағытта қолымнан келгеніше өз үлесімді де қосуға тырысамын.

Ғалия ЖҮСІПОВА, көпбалалы ана.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр