ЕҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

3e1301f4-5d83-410c-84a3-c1f2763bb269.jpg

22 желтоқсан күні Қонаев қаласында облыс әкімдігі мен облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Хан тәңірі» спорт саласының 2023 жыл қорытындысы  бойынша  үздік спортшылармен жаттықтырушылар және спорт саласына еңбек сіңіріп жүрген қызметкерлері марапатталды. Марапатталушылар арасында біздің үздік спортшылардың есімдері аталып, бәрімізді шексіз қуанышқа бөледі.

Марапаттау барысында аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Азамат Телтаев «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Грек-рим күресінің жаттықтырушысы Назтай Мейрамбекке "Үздік жаттықтырушы" төсбелгісі және ақшалай сыйлық табысталды.

Сонымен қатар үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен әлем чемпионатына қатысып, чемпион атанған Ақдала орта мектебінің оқушысы Дамир Сейіткерімге  "Үздік спортшы" номинация және ақшалай сыйақы берілсе, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің есепшісі Ақмарал Марланқызы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Ал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы үздік спортшыларды дайындап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін  «Жылдың ең үздік спорт мектебі» номинациясы бойынша ІІІ-ші орын иегері атанып, ақшалай сертификатқа ие болды.

Бұл біздің аудан спортшыларының биік белестерді бағындарудағы үлкен жетістіктерінің жемісі.                                                      Өз тілшімізден.

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ