СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ


aabff471-ff1a-4891-bd8a-4d569332d38c.jpg

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде «Балқаш саңлақтары-2023» тақырыбында мәдени шара болып өтті.

Аталмыш іс-шарада киелі өңіріміздің үздік спортшылары марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.

Қазақстан    Республикасының гимнімен басталған мәдени шараның шымылдығын түрген аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов аудан спортшыларының 2023 жылы жеткен жетістіктеріне ерекше тоқталып, биік белестерді бағындырып, аудан абыройын шет мемлекеттерде асқақтатқан балғын спортшылар мен жаттықтырушылардың есімдерін атап, мемлекет тарапынан спорт саласына жасалып жатқан ауқымды іс-шараларға баса тоқталып, спорт саңлақтарын құттықтады.

Аудан басшысының орынбасары Данияр Болатұлының құттықтауынан кейін кезек марапаттауға берілді. Марапаттау барысында грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Испания мемлекетінде өткен халықаралық турнирдің және республикалық турнир-лердің жеңімпазы Бекарыс Бақтығалиұлы, грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, Қырғызстанда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы Санат Арыстанбаев, каратэ спортынан спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының  чемпионы Жәнібек Азизұлы, каратэ спортынан спорт шеберіне үміткер, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Айтолкын Думанова және бокстан спорт шеберіне үміткер, республикалық жарыстардың жеңімпазы, Алматы облысының жеңімпазы Даниял Қуаныш, қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, облыстық және рес-публикалық жарыстардың жеңімпазы, ҚР чемпионатының қола жүлдегері, «Жас барыс» республикалық турнирдің 2 дүркін жүлдегері Сағият Қанатұлы, қол күрестен спорт шеберіне үміткер, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Айанат Әшімбай, пауэрлифтинг спортынан спорт шеберіне үміткер, Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының же-ңімпазы Айбар Тілеубай тағы басқа балғын спортшылардың есімдері аталып, марапатталды.

Сонымен қатар каратэ спортының жаттықтырушысы Берік Ақбергенов, волейбол спортынан жаттықтырушысы Қуанышбек Искаков, грек-рим күресінен жаттықтырушысы Жәнібек Лебай,  аудан әкімінің  «Балқаш саңлақтары – 2023» атты спорт саласының 2023 жыл қорытындысы бойынша «Үздік жаттықтырушысы» дипломымен марапатталды.

Жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылармен спорт жаттықтырушылары өздерінің бағындырған биік белестеріне орай түрлі марапаттарға ұсынылып, лайықты құрметке бө-ленді.

Шара соңында аудан өнерпаздары спортшыларға арнап, патриоттық әндерден шашу шашып, мерекелік шараның көрігін қыздырды.

Спортшылардың әрбір жеткен жетістіктері мен ба-ғындырған биік белестері өзінің туып-өскен өлкесінің асқақ абыройы. Сынға түскен сәттерде ел намысын қорғап, бар күш-жігерлерін жеңіске жету мақсатында сарқып жұмсап, қарсыластарын қапыда қалдырып жүрген балғын спортшыларымыздың әрдайым айы оңынан туып, жұлдыздары жарқырай берсін.

2023 жылды жемісті аяқтаған киелі өңіріміздің спорт саңлақтарының алар асулары көп болуына тілектес болайық, ағайын!

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
  • ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ МЕЙРАМЫ