БАЛҒЫН БАЛУАНДАР АУДАНДЫҚ ЧЕМПИОНАТТА БАҚ СЫНАДЫ

b7e99ffb-64d1-4da5-84c6-fe826b607c62.jpg

Алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен Бақбақты ауылында Грек-рим күресінен аудандық чемпионат болып өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін спорттық шараға 2012-2014 жылдары туылған жасөспірімдер қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара бақ сынады.

Аудан чемпиондарын анықтау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын жарыстың биылғы ерекшелігіне келер болсақ, кейбір спортшылар боз кілемде алғашқы рет белдессе, енді бірі тұңғыш жүлдегер атанып,  балғын балуандардың шексіз қуанышына куә болдық.

Жеңіс пен жеңілістің ара қашықтығын сезінген спортшылар намысқа тырысып, жеңіс тұғырынан көрінуге талпынып бақты.

Тартысты өткен белдесу барысында   Бақбақты ауылының балуандары туған жердің тылсым күшінен қуат алса керек. Өйткені сол ауылдағы №1 Жамбыл атындағы орта мектеп оқушылары-Жігер Мәметәлі, Әлішер Тұрдалы, Мирас Құрманбай, Ерасыл Әбіл және Әділет Қалдыбай өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды. Сонымен қатар Ақдала ауылының намысын қорғаған Әли Аманәлі, қаройлық Нұртас Бағдатұлы, Бақанас ауылының спортшылары Әлинұр Тілеубек, Досжан Ержан және  Әнуар Аманжол өз салмақ дәрежелері бойынша сынға түсіп, алтыннан алқа тақты.

Аудан чемпионатын қортындалай келгенде жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға арнайы сыйлықтар табысталып, медаль, грамоталармен марапатталды.

Спортпен тұрақты айналысу бала денсаулығына өте пайдалы. Ал сынға түскен спортшының жеңісі өзінің туып-өскен өлкесінің абыройы және сол елдің  мақтанышына айналады. Биік белестерді бағындырып жүрген атақты спортшылардың алғашқы баспалдағы осындағы ауылдардан басталатыны жасырын емес.

Бүгінгі таңда жаңадан спорттық үйірмелерге барып, спортпен айналысуға бел буған  жасөспірімдер келешекте атақты спортшы болуына жол ашатын осындай білім ордаларының жұмыстарына жоғары баға беріп, жеңіс тұғырынан көрінген балғын балуандарға сәттіліктер тілейік, ағайын!                                                                             

                                                                                                           Өз тілшімізден.  

     

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
  • ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ МЕЙРАМЫ