ГРАНТ-ЖАҢА ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

16e9549b-1fc8-4217-88db-3b2de81e7d3b.jpg

        Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға мүмкіндіктер жетерлік. Жыл сайын шағын және орта бизнестерді дамытуға арналған қайтарымсыз гранттар да беріліп, мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар көрсетіліп келеді.  Осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауына жүгініп, өздеріне қолайлы кәсіпорындарын ашып, сауда-саттық жасап, шаруаларын дөңгелетіп жүр десек те болады.   

   Бұл керемет мүмкіндікті жүзеге асырғандардың арасында Бақанас ауылының тұрғындары, ерлі-зайыпты Камал мен Әсел Нұрлыбековтер де бар.

   Кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған отбасы мүшелері облыс әкімі Марат Сұлтан-ғазиевтың «әр ауылда бір өндіріс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкер-лікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған" мемлекеттік грант есебінен шағын тұшпара цехын іске қосып, 5 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

   Кәсіпкерлікпен айналысуға нақты қадам жасап, білек сыбана кіріскен Нұрлыбековтардың  кәсіпорнына атбасын бұрғанымызда ол жерде  тұшпара жасаудың қыр-сырын меңгерген  Орынбала Сәрсетаева, Мадина Дүйсенова және Ғазиза Жарылқапқызы өз жұмыстарын тиянақты атқарып жатқандарын көзбен көрдік.  Олардың айтуынша тәулігіне 15-20 кг тұшпара өндіріп,  тұтынушыларға балғын күйінде ұсынып отырады. Өз жұмыстарын тиянақты атқарып жүрген шағын кәсіпорын жұмыскерлері азық-түлік өндірумен айналысатын болғандықтан тазалыққа мән беріп, санитарлық талаптарды да барынша сақтауда. Тұшпараға қосылатын ет өнімдері жергілікті шаруа қожалықтарда өсіріліп жатқан ірі қара және қой-ешкі еттерінен жасалынады.

    Негізінде біз әңгіме арқауына айналдырып отырған    Нұрлыбековтер әулеті  2018 жылдан бері  тәтті тағамдар өндірумен айналысып келеді. Бұған дейін де кәсіпкерлікке бет бұрған отбасы мүшелеріне мемлекет кәсіп жасаудың жаңа идеясын іске асыруға жаңа серпін берді десек те болады.

     Отбасы мүшелері Камал мен Әсел мемлекеттің қолдауына дән риза болып жүргендерін еш жасырмады. Өйткені олардың тұшпара өндіру арқылы сауда нарығында жоғары өрлеуге мол мүмкіндік туған. Нақтысын айтқанда жаңа идеяларын іске асырған кәсіпкерлердің табысын арттыруы осы сөзімізге дәлел.

    Аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға басты назар аударылуда. Бұл тұрғыда ынталы кәсіпкерлерді демеп, олардың бизнес-жоспарын жасауға және кәсіпорындарын ашуға қажетті қаржы көздері жайлы құқықтық кеңес беруде – аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандары облыстық кәсіпкерлер палатасының Балқаш аудандық филиалымен бірлесіп, жұмыс жасауда.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».     

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр