КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ - БАСТЫ НАЗАРДА
Президент реформасы аясында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау өз мәнінде өрістеп келеді. Әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар жан-жақты қарастырылған. Оның үстіне бизнесті жөн-жосықсыз тексеруге жол берілмей, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мораторий мер-зімі ұзартылды.
Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мақсатында еліміз бойынша жаңа ережелер бекітілгені белгілі. Жаңадан қабылданған ережелер келер жылдың басынан бастап толық енгізілетін болады.
Президентіміздің бастамасымен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы қолға алынуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты-ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыру бағытында несие беру болып табылады.
Бүгінде Қонаев әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпарациясы аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруа-шылық кооперативтеріне жыл-дық сыйақы мөлшерлемесі 2,5% несие беріп жатырмыз. Кепілге ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті қоюға болады.
Аталмыш бағдарламаның тиімді тұстары көп. Оның пайдалы жақтарын ауыл тұр-ғындары айқын сезінуде.
Данияр Тансықбаев, «Атамекен» ҰКП Балқаш аудандық филиалының сарапшы-менеджері.